Қаражат қамы І Зейнетақы жинағын қалай пайдалануға болады?
Елімізде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға рұқсат берілгені баршаңызға мәлім. Ол ақшаны тұрғын үй жағдайыңызды жақсартуға жұмсап, қымбат емдеуге де төлеуге болады. Сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға бере аласыз. Осы уақытқа дейін он мыңдаған адам өтініш беріп, олардың есепшотына біржолғы зейнетақы төлемдері аударылды. Өз жинақтарын алған қазақстандықтардың басым бөлігі ақшаны баспана мәселесін шешуге жұмсайтынын білдірген. Жиған ақшамды кейінірекпайдалансам дейтіндерде көп. Бүгін біз осы тақырып жөнінде айтамыз.