Ғылым І Face ID. Адамның бет-әлпетін тану жүйесі

Барлығы алақандағыдай. Дәл осындай алып мегаполистегі тыныс-тіршілікті бақылау үшін қала көшелеріне бейнебақылау камералары орнатылғанын барлығымыз жақсы білеміз. Олардың көмегімен шаһардағы қауіпсіздікті де қамтамысз етуге болады. Яғни құқықбұзушыны адамның бет-әлпетін тану, фейс айди жүйесі, арқылы табуға болады. Бұл жүйе бізге ұялы телефон арқылы жақсы таныс. Жалпы фейс айди қалай жұмыс істейді. Армысыздар! Бұл «Ғылым» бағдарламасы және бүгінгі шығарылымда адамның бет-әлпетін тану жүйесі жайлы айтамыз.