Жүргізушісіз жүк көлігі | Ғылым
50 жылдан кейін қазіргі мамандықтардың біразы жойылады. Еңбек нарығын зерттеп жүрген сарапшылар бірауыздан осылай дейді. Енді жарты ғасырдан соң адамның кей қызметін жасанды интеллектің негізінде жұмыс істейтін роботтар атқарады. Соның бір көрінісі – жүргізушінің көмегінсіз-ақ жүре беретін автомобильдер. Қазір адамсыз басқарылатын жүк көліктері де жасалып жатыр. «Ғылымның» бүгінгі шығарылымында оларға кеңірек тоқталамыз.