Жасанды ет өсіру | Ғылым
Қазір жер бетінде 7 млрд 900 млн адам тұрады. Бұл – шілде айындағы ресми ақпарат. Егер адам санының өсу динамикасы баяуламаса, онда 2023 жылы Жер планетасындағы тұрғындар саны 8 млрд-қа жетеді деген болжам бар. Вашингтон университетінің сарапшылары 2100 жылы бұл көрсеткіш 11 млрд-тың шамасында болады деп отыр. Осыған байланысты оларды азық-түлікпен қамтудың өзектілігі артады. «Ғылымның» бүгінгі шығарылымында осы мәселе төңірегінде ой өрбітеміз.