Халықаралық олимпиада жеңімпаздары енді сыйақы ала алады | RePost
- Халықаралық олимпиада жеңімпаздары енді 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеді.
- Алматы қаласындағы №157 мектеп Қосшыдағы білім ордасын басып озды. Мектептің бірінші сыныбына 714 бала тіркеліп, 1 «Ю» сыныбы пайда болды.
- Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов: «отбасылық шараларға, той-томалақты жасауға шектеу қоюдың қажеті шамалы. Өйткені, халық бәрібір тығылып той жасауда. Сондықтан мұндай шаралар індетті тоқтатуға еш әсер етіп отырған жоқ», - деп үкіметке мұны реттеу үшін бірнеше ұсыныс тастады.