Студенттердің шәкіртақысы өседі | RePost

- Осы айдан бастап студенттердің шәкіртақысы 20%, магистранттар мен докторанттардікі 15% өседі.

- Семей қаласындағы физика пәнінің мұғалімі «Global Teacher Prize» халықаралық сыйлығының финалисі атанды.

- Алматылық фотограф Александр Власюк Drone Awards 2021 атты халықаралық аэрофотографтар байқауында екінші орынды иеленді.

- Бас қалада жетім балалардың тамағына бөлінген 25 миллион теңгеден астам қаражат қолды болған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Елімізде жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді. Енді куәлікті алу үшін, алдымен, теориялық емтиханды тапсырып, жүргізуші содан өтсе ғана практикалық емтиханға жіберіледі.