Қай вакцина тиімді? | Өзекті
Қоғамда коронавирусқа қарсы қай вакцинаны салдыру жайындағы даулар әлі күнге дейін тоқталар емес. Бірі қолда бар екпені салдырса, басқасы шетелден вакцинаның тағы түр-түрі әкелінеді деп күтіп отыр. Зерттеу нәтижелеріне зер салсақ, Қазақстанда қолданылатын вакциналар ешқайсысынан кем түспейді. Қазір таралып жатқан коронавирустың дельта штамына қай вакцина қарсы тұра алады? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы мәселе туралы айтпақпыз.