Қазақтың ұлттық тағамы құрттың суынан дәрі әзірленуде | RePost

- Еліміздегі кинотеатрларда көрсетілетін шетелдік фильмдерді қазақ тілінде дубляждауға міндеттеуі мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі «Кинематография туралы» Заңға осыған байланысты өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.

- Жапонияда тұратын қандасымыз қазақтың ұлттық тағамы құрттың суынан дәрі әзірлеуде. Заманауи қондырғылармен жабдықталған орталық аурухана дәрігері Әбдібек Қалибектің айтуынша, осы арқылы адамның иммунитетін көтеріп, қартаюдың алдын алуға болады.

- Журналист Арнұр Асқар Facebook желісіндегі парақшасында егемендіктің ел азаматтарына берген пайдасымен бөлісті. Ол: «30 жылдағы қазақ халқы қол жеткізген ең басты құндылық ол - еркіндік, таңдау құқығы», - дейді.

- Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Жансель Дениз бен Самирхан Әубәкіров «World Taekwondo President’s Cup Europe» халықаралық турнирінің жүлдегерлері атанды.

- Жақын күндері WhatsApp желісінде дауыстық хабарды мәтінге транскрипциялауға мүмкіндік тумақ. Яғни, сіз жұмыста немесе жиналыста отырғанда дауыстық хабарлама алсаңыз, оны мәтін түрінде ашып оқи аласыз.