Тас жолдың қайсысы ақылы болмақ? | Өзекті
Автожолдар - кез келген мемлекеттің инфрақұрылымдық дамуының басты көрсеткіштерінің бірі. Біздің елдегі тас жолдардың сапасы көңіл көншітпейтіні анық. Мәселені шешу үшін ақылы жолдар жүйесі енгізіліп жатыр.Бүгінде 682 шақырым тас жолдан түскен табыс көлемі 5,7 млрд теңгеден асты. Тағы қай бағытпен жүру ақылы болмақ? Жол бойындағы қызмет көрсету жақсарды ма? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жайында айтамыз.