Жаппай айып тұрағына қаңтарып жатыр | Өзекті

Елде Ресей нөмірін таққан көліктерді жаппай айып тұрағына қаңтарып жатыр. Батыс Қазақстан облысындағы көлік жүргізушілері осылай деп шағымданды. Айтуларынша жол сақшылары еш ескертпестен олардың көліктерін алып айып тұрағына жеткізген екен. Ішкі істер министрлігі өкілдері бүгін мән-жайды түсіндіріп берді. Сөздеріне сенсек, көрші елден әкелінген кейбір көліктер тіркеуде жоқ, олардың кейбірі тіпті ұрланған болуы мүмкін.

Құзырлы орган өкілдері осының анық-қанығына жету үшін арнайы тексеріс бастапты. Егер көлік шынында ұрланған болса немесе екі елде де тіркеуге алынбаған болса, жүргізушілерге қандай шара қолданылуы мүмкін? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жайында айтамыз.