Тұран одағы құрыла ма? | Өзекті
Түркияда түркітілдес мемлекеттердің басшылары тағы бас қосады. Кезекті саммит өткелі жатыр. Саясаттанушылар бұл жиынның жөні бөлек, жосығы ерек болады дейді. Өйткені осы кездесуде тараптар «Тұран» одағын құру туралы бастаманы қолдайды деген болжам жасап отыр. Бұл мүмкін бе? Түркі тілдес елдердің басшылары кездескен сайын осы мәселе көтеріледі. Жалпы мұндай одақтың құрылуы Қазақстанға тиімді ме? Сарапшылар не дейді? «Өзекті» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы жайында айтамыз.