Цифрлық теңге дегеніміз не? | Қаражат қамы
Адамзат тарихы дамыған сайын төлем құралының да эволюциясы дамып келеді. Алғашында мыс, қола мен күмістен жасалған ақшалар болса, кейін қағаз ақшалар пайда болды. Енді цифрлық теңге немесе цифрлық валюта деген сөздерді жиі естіп жүрміз. Цифрлық теңгеге қатысты қазір пилоттық режимде зерттеулер жүріп жатыр. Жалпы цифрлық теңге дегеніміз не? Бүгін осы жайында айтамыз.