Сұрмергендер елордада бас қосты | Олимп

Нұр-Сұлтан қаласы алғаш рет садақ атудан халықаралық жарысты қабылдады. Байрақты бәсеке еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы және астанамызда осы спорт түрінің негізін қалаушы Светлана Лиді еске алуға арналды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көрші мемлекеттерден 80-нен аса қатысушы жиналды.