Елорда алғаш рет жеңіл атлетикадан халықаралық жарысты қабылдады | Олимп

Тағы бір тарихи турнир. Елорда алғаш рет жеңіл атлетикадан халықаралық жарысты қабылдады. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші мемлекеттерден 150-ден аса спортшы жиналды. Айта кету керек, бұл айтулы аламандар алдындағы кішігірім сынақ. Басқаша айтқанда, тесттік бәсеке. Өйткені дәл осы жерде 2022 жылы Азия, ал 2024 жылы әлем чемпионаты өтеді.