Елімізде қысқы спорт маусымы ашылды | Олимп

Нұр-Сұлтан. Желтоқсан. Демалыс. Соған қарамастан қала тұрғындары мен қонақтары орталық паркке жиналуда. Өйткені бұнда қысқы спорт маусымының ашылуы өтеді. Шараның аты ресми болғанымен, заты әлдеқайда саналуан. Яғни, бұнда қысқы спорт түрлерінен бөлек, арнайы концерт, түрлі ойындар және басқа да бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бір сөзбен айтқанда спорттық фестиваль. Бұған дейін бұндай шаралар қала аумағында тұрақты өтіп тұратын. Ал республикалдық деңгейде алғаш рет қолға алынды.