Бейжің 2022: Қысқы Олимпиада талабы қиындап кетті | Шетелдік БАҚ
- COVID-19 кесірінен Бейжің Олимпиадасына қатысу шырғалаңға айналды. 4 ақпанда басталған 24-ші Қысқы Олимпиада талабы пандемия мен түгелдей тестілеуге байланысты қиындап кетті, деп хабарлайды BBC.
- Лондондық ғалымдар денеде қызып, қатерлі ісік жасушаларын өлтіретін магнитті «дәндерді» жасап шығарды. Бұл ерекше жаңалық туралы Advanced Science журналы жазды.
- Ортанқол бағдарламалаушының деңгейінде код жазуға қабілетті AlphaCode нейрондық желісі құрылды. Асқан ақылды нейрондық желіні Google-мен бірге Alphabet холдингінің құрамындағы DeepMind мамандары ұсынып отыр.
- Джефф Безостың көңілінен шығуға тырысқан Роттердам билігі қаладағы тарихи көпірді бұзуға әзір. Безостың яхтасы көпірдің астынан өте алмайтын болған соң, билік осындай шешім қабылдады, деп жазады Engadget.
«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.