Австралиялық ғалымдар бионикалық көзді қойларға сынап көрді | Шетелдік БАҚ

- Еуропаның ең ірі туристік компаниясы TUI биыл жазда туризм секторын қайта жандандырамыз деп құлшынып отыр. Болжамға сәйкес биыл бұл саланың айналымы коронавирусқа дейінгі деңгейге жетуі әбден мүмкін, деп жазады Financial Times.

- Әлемнің түкпір-түкпіріндегі өзен-көлдер дәрі-дәрмектің қалдығымен уланып жатыр. Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған мақаланы The Guardian оқырман назарына ұсынды.

- Тәртіпке бағынған құл болмайды. Сондықтан бетпердені ел болып жұмыла таққанда ғана ауыр індеттен құтыламыз. Әйтпесе масканы біріміз тағып, енді біріміз тақпай, қауіпсіздікті ұмытқанымыз - абырой әпермейтін іс, деп жазады Slate тілшісі.

- Австралиялық ғалымдар бионикалық көзді қойларға сынап көріпті. Бұл құрылғы көзілдірікке орнатылған камера түсірген бейнені көз торына жібереді, деп хабарлайды BBC.

«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.