Кабинет. Бақытжан Ертаев

Ол Қазақстанның Қарулы күштерін реформалауға елеулі үлес қосқан әскери қайраткер.

Біраз жыл бойы осы салада басшылық қызметтерде болды. Бүгінгі күні Қорғаныс министрінің штаттан тыс кеңесшісі. «Кабинет» бағдарламасының жүргізушісі Дархан Әбдуахит Халық қаһарманы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаевпен сұхбаттасты. Екі бөлімнен тұратын бағдарламада әуелгі әңгіме әскердің әлеуетінен басталды.