М. Әшімбаев Мемлекет басшысының сұхбатына қатысты пікір білдірді

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатына қатысты әлеуметтік желіде ой-пікірін білдірді.

Сенат Төрағасы Президенттің жыл басында баспасөзге сұхбат беруі игі дәстүрге айналғанын. бұл ашықтық, диалог, әділеттілік саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарды ой елегінен өткізіп, алдағы міндеттердің маңызына тоқталған. Айталық, былтыр инфрақұрылымды жаңғырту бағытында айтарлықтай жұмыс қолға алынды. 

Елде 18 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді және 7 мың шақырым жол салынып, жөнделді. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа терминал іске қосылды. Өңдеу секторының өнеркәсіптегі үлесі өндіру саласының деңгейіне жуықтады. Диқандар 27 миллион тоннаға жуық астық жинап, кейінгі жылдардағы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Сондай-ақ былтырдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлем беріліп, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйе іске қосылды. Сұхбатта азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға қатысты жауапкершілігін арттыра түскен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы да айтылды. Мәулен Әшімбаев Президент сұхбатындағы осынау басым бағыттарды іске асыруға әр қазақстандық атсалысып, ел болып жұдырықтай жұмылудың маңызы жоғары екенін атап өтті. 

18 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілді

7 мың км жол жөнделді

Алматы, Қызылорда, Шымкент әуежайларында жаңа терминал іске қосылды

27 млн тонна астық жиналды

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында төлем енгізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы іске асырылды