Адам психикасы үшін қауіпті коронавирустың салдары анықталды | Шетелдік БАҚ
- Климаттың өзгеруі Еуропа жағалауына да әсер еткен. Тулаған теңіз толқынына температураның күрт көтерілуі мен нөсер жауын қосылып, жартастарды мүжіп жатыр. Осылайша француз Нормандиясында эрозия процесі күшейіп барады, деп баяндайды Euronews.
- Адам психикасы үшін қауіпті коронавирустың салдары анықталды. Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетіндегі медицина мектебінің зерттеушілері осындай тоқтамға келді, деп жазады New York Post басылымы.
- Argus бионикалық көзі орнатылған адамдардың қайтадан зағип болып қалуы мүмкін. Өйткені бұл құрылғыны жасап шығаратын компания тақырға отырып, өндірісті тоқтатыпты. Daily Mail басылымы осы даулы тақырыпқа қалам тербеді.
- Қауіпсіздікті естен шығарған жүргізушілерді енді өз көлігі тәубесіне түсіреді. Ford компаниясы жасап шығарған жаңа қондырғы жағдайды үнемі назарда ұстап, жүргізушіге қауіп-қатер туралы шұғыл хабарлап отырады.
«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.