Украинадағы жағдай әлем экономикасына қалай әсер етуі мүмкін? | Шетелдік БАҚ
- Украинадағы жағдай әлемнің онсыз да әлсіз экономикасына қалай әсер етуі мүмкін? Бұл туралы профессоры Стив Шифферестің Conversation басылымындағы мақаласынан оқи аласыздар.
- Мигранттар туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде жинайтын еуропалық деректер базасы елге келген азаматтарға жағдай жасап отыр. Мәліметті талдау кезінде көптеген факторлар ескеріледі. Сондықтан Еуропалық Одақтың Испрадағы біріккен зерттеу орталығында түрлі саланың сарапшылары жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Euronews.
- Англиядағы Ұлттық денсаулық сақтау қызметі мамандарының жағдайы мәз емес. Бұған олардың жаппай күйзеліске ұшырауы себеп болды, деп жазады Guardian тілшісі.
- Ғалымдар көзбен көруге болатын бактерияны тапты. Табылған бактерияның ұзындығы 2 сантиметрге де жетуі мүмкін. Тіпті бұдан да үлкен болуы мүмкін, деп хабарлайды Science журналы.
«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.