Австралия ең жойқын су тасқынына тап болды | Шетелдік БАҚ
- Украинадағы қақтығыстың ушығуы осыған дейін коронавирус пандемиясынан есеңгіреген экономиканы әбден әлсіретіп, әлемдегі тауар жеткізу ісін тығырыққа тіреді. Салдарынан баға тағы қымбаттап, экспорттаушы компаниялардың жағдайы нашарлады, деп жазады The New York Times тілшісі.
- Австралия ең жойқын су тасқынына тап болды. Климатолог-ғалымдар табиғи апатқа жаһандық жылынудың әсерін зерттеп жатыр, деп жазады Conversation.
- Қалауын тапсаң қар жанар. Экономикалық дағдарысқа пысқырмаған венесуэлалық шаштараз жылжымалы сұлулық салонын ашты. Бұл туралы толығырақ Reuters тілшілерінің материалынан біле аласыздар.
- Жыртқышқа да жәрдем керек. Акуланың жүзбеқанатына құмар қауымның қатары қалыңдаған сайын балықтың осы түрі құрып барады. Осының салдарынан әлемдік мұхиттардың экожүйесі мен көптеген мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі таразыға түсті, деп жазады The Guardian газеті.
«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.