Шетелдік тасымалдаушылармен келіспей қалған Ресей тыңайтқыш экспортын тоқтатты | Шетелдік БАҚ
- Әлемде мұнай бағасы қымбаттап, 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті.
- Шетелдік тасымалдаушылармен келіспей қалған Ресей тыңайтқыш экспортын тоқтататын болды. Бұл алауыздық жаһандық азық-түлік тапшылығына түрткі болуы мүмкін, деп жазады Wall Street Journal тілшісі.
- Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізуге Қытай асығар емес. Биыл билік экономикалық өсім мен энергетикалық қауіпсіздікке баса мән бергенімен, экологиялық мәселелер тасада қалды, деп жазады Bloomberg.
- Ғалымдар виртуалды әлемді барынша сезінуге мүмкіндік беретін сенсор орнатылған биялай мен аяқ киімді жасап шығарды.TechCrunch басылымы көпшіліктің қызығушылығын туғызған жаңа жобаларды іріктеп, оқырман назарына ұсыныпты.
«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.