Украинадағы қақтығыстың шиеленісуі Бельгияға да әсер етуде | Баспасөз

- Әлемдік экономика қанша құлдыраса да, 1970 жылдары экономиканы баяулатып, бағаны шарықтатқан стагфляция секілді жойқын энергетикалық дағдарысқа енді жол берілмейді, деп жазады Bloomberg.

- Украинадағы қақтығыстың шиеленісуі Бельгияға да әсер етіп, нан қымбаттады, деп жазады Euronews.

- Климаттың өзгеруінен аптап ыстық күшейіп, өлім-жітім саны әлемде бір жарым есе көбеюі мүмкін. Ұлыбритания ғалымдарының бұл болжамы туралы Лондон университеттік колледжінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Еуропалық ғарыш агенттігі оттегі өндіретін қондырғы жасау жобаларына өткізілген байқау қорытындысын жариялап, Айдағы оттегі өндірісімен кім айналысатыны белгілі болды. Бұл байқауда аэроғарыш өндіруші Thales Alenia Space басқаратын тәуелсіз ұйымдар консорциумы жеңімпаз атанды, деп жазады Daily Mail.

«Шетелдік БАҚ: шолу және талдау» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.