«Қазақтелеком» монополиясы | Анығында
Қазақстан 5G дәуіріне қадам басты.
Алайда шалғай ауылдарда интернет сапасы әлі күнге дейін көңіл көншітпейді. Қазақтелеком компаниясы бұл мәселені осыдан 3 жыл бұрын шешуі керек еді. Бірақ тек бос уәдеден басқа ешнәрсе жасалмай жатыр. Қазір ұлттық байланыс операторы саналатын мекемеге қатысты монополияны жою мәселесі өткір тұр. Мәселенің анық-қанығы "Анығында" айдарында.