Бюрократияға тұсау | Анығында
Қазір мемлекеттік қызмет дегенде еске бірден бума-бума қағаз, ұшы-қиыры жоқ есеп-баяндамалар түседі. Оған бірінші басшылардың қолы мен рұқсаты, мақұлдауы, өтініш-өтінім, талап-арыз сияқты бітпейтін бюрократиялық процестерді қосыңыз. Қағазбастылық қанға сіңбесе де мемлекеттік басқару жүйесіне мықтап енді.....
Бұл дерттің дендегені соншалық, ел дамуына тұсау бола бастады. Жауапты министрлік өкілдері қанша тырысса да тамыры тереңге кеткен үрдісті тоқтата алмады. Енді бұл мәселе үкімет асып, президентке дейін жетті. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды. Маманның қолын байлаған қағазбастылықтан қашан құтыламыз?