Ұлыбританиядағы қанатты жәндіктердің саны 60% азайып кеткен | Баспасөз
- Германия азаматтарының төрттен бірі шетелде дүниеге келген немесе әке-шешесінің біреуі - иммигрант. Деректі неміс статистикалық агенттігі ұсынып отыр, деп жазады Deutsche Welle.
- Депрессияға түсіп, беймаза күйде жүрген адамдар созылмалы ауруға шалдығуға бейім келеді, деп хабарлайды CNN.
- Ұлыбританиядағы қанатты жәндіктердің саны 28 жыл ішінде 60% азайып кеткен. Kent Wildlife Trust ұйымы жүргізген зерттеудің қорытындысы туралы Guardian газетінен оқи аласыздар.
- TikTok жарнамадан түскен табыстың бір бөлігін қолданушыларына таратып бермек, деп жазады Variety басылымы.
«Баспасөз» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.