Кабинет. Асхат Сүлейменов
«Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту» коалициясының құрылғанына көп уақыт болған жоқ.
Дегенмен ауыз толтырып айтарлықтай жобаларды жүзеге асыра бастады. Әсіресе, елді мекендерде әйелдер кәсіпкерлігін демеу – сәтті бастама болды. Қазіргі таңда нақты қолдаудың арқасында өз ісін дөңгелетіп отырған ауыл адамдарының қатары көбейіп келеді. Осы орайда Коалицияның атқарушы директоры Асхат Сүлейменовпен сұхбаттастық.