Google кеңселерінде роботтар сусын әкеледі | TECH News

Google кеңсесінде роботтар қызмет етеді.

Осы мақсатқа арналған Everyday Robots Project жобасы тағы бір кезеңнен өтті. Енді ақылды құлтемірлер Google Bay Area кампустарында сыналады. Онда олар қарапайым тапсырмаларды орындауы қажет.

Жаңа роботтар корпорация қызметкерлеріне тағам және сусындарды жеткізеді. Сондай-ақ қоқыс сұрыптау, шаң тазалауға көмектеседі. Шағын заттарды қозғалтып, есікті де аша алады. Құрылғы дөңгелекке бекітілген шағын мұнара іспеттес, оның әмбебап саналатын қолдары бар. Жоғарғы тұсында камера және компьютерлік көруге қажетті датчигі орнатылған. LiDAR-ға ұқсас құрылғы да қарастырылған, ол навигацияға көп пайдаланылады. Everyday Robots компаниясының басшысы Ханс Питер Брондмо мұндай роботтардың алғаш рет 2019 жылы қалдық сұрыптау мен қайта өңдеу ісіне қолданылғанын айтады. Енді жаңа роботтар үй немесе кеңседе кәдеге асатынына уәде етеді.

«TECH News» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.