Сырттан келген инвестицияның көлемі артты
Былтырғы жылдың алғашқы 9 айында сырттан келген инвестициялардың көлемі 18%-ға өсіп, 22 млрд доллардан асты. Шетелдік инвесторлар барлығы 46 ірі жобаны іске қосты. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында белгілі болды.
Жиында салық салу мен кедендік бақылау, мұнай экспорты, цифрландыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Қазір елде жаңа Салық және Бюджет кодекстері әзірленіп жатыр. Бұл республиканың инвестициялық ахуалына оң әсер етеді. Премьер-министр 2025 жылға қарай республикада біліктілігі жоғары 100 мың IT-маман даярлау жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар 5G желілерін іске қосу және IT-салада қолайлы іскерлік орта қалыптастыру жұмыстар жүргізіледі.