Алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек? | Жеке қаражат

Банктер алаяқтық әрекеттер салдарынан клиенттерге келтірілген залалды өтеуге міндетті болады. Қазақстанда осы мәселеге қатысты тиісті заң жобасын енгізу жоспарлануда. Бұл мәжбүрлі шара. Себебі елімізде осы бап бойынша келтірілген залал мөлшері биыл 6 есе өсіп, шамамен 180 миллион долларға жеткен. Неліктен қазақстандықтар БАҚ мен полицияның қайта-қайта жасап жатқан ескертулеріне қарамастан, алаяқтардың қармағына жиі түседі? Мұндай жағдайға тап болғанда не істеу керек? Бүгінгі шығарылымда осы мәселелерді айтамыз.