Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктің көлемі бір жыл ішінде 12,6% өскен | Сала
Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктің көлемі бір жыл ішінде 12,6% өскен. Былтыр бұл көрсеткіш 26,8 млн тоннаға дейін жетті. Жоспар бойынша өткен жылы ел аумағымен 24,5 млн тонна транзиттік жүк өтеді деп болжанған еді. Бірақ, әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты тасымалданған тауар көлемі сәлде болса асып түсті.