Курорттық аймақтардағы полиция жұмысы | Полиция KZ

2019 жылы елімізде туризм саласын дамыту мақсатында туристік полиция құрылды. Бүгінде осы салада тер төгіп жүрген тәртіпт сақшылары қонақтардың жайлы демалысы үшін тынбай еңбектенуде. Келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша түрлі кеңестер мен ақпарат беріп қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Алғаш туристік полиция құрылған өңірлердің бірі Ақмола облысының Бурабай ауданы.