«Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізілген өзгерістер
Келесі жылдан бастап Қазақстанда аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит 2 500 АЕК-ке дейін, ал ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтіндер үшін 2 000 АЕК-ке дейін өседі. Бүгінгі шығарылымда «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қалай қатысуға болатынын, мемлекеттік төлемдерді қалай алуға болатынын айтып береміз.