Педагогтар - жаңа білімнің тасымалдаушысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге және білім беру саласын дамытуға көп көңіл бөлуде. Оның айғағы ретінде, 2019 жылы Педагог мәртебесі туралы Заң қабылданды және қазірдің өзінде құжаттың оң әсерлері байқалуда. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша педагогтердің жалақысы ұлғайтылды және 2023 жылғы қаңтар айынан бастап тағы 25%-ға өсетін болады.