Ауыл мектептерін жылдам интернетпен қамту міндеті қойылды
Интернеттің қолжетімді болуы – елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Бұл, әсіресе, коронавирус пандемиясы әлемді онлайн режиміне көшуге мәжбүр еткен кезде өзекті болды. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған әр
Жолдауында ең алдымен цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысқа қосылуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтеді. Ал биылғы жылы 5 қазанда өткен Республикалық педагогтер съезінде Президент ауылдарды жылдам интернетпен қамту туралы Үкімет алдына шұғыл міндет қойды.