Жұмысшыларға барынша қолайлы жағдай жасалуы керек

Қазіргі таңда азаматтардың еңбек құқығын қорғау және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау - өзекті тақырыптардың бірі. Қоғамдағы еңбек қатынастары туралы проблемалар әр азаматты толғандыратыны сөзсіз. Себебі, кез келген өндіріс аймақтарындағы осы мәселеге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жасаған "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты жолдауында үлкен өндіріс орындарындағы наразылықтарды қарастыруда жұмысшыларға барынша қолайлы жағдай жасау керектігін атап өтті.