Елордада «BIRLIK» ансамбілінің концерті өтеді
Өзге этнос өкілдерінен құралған жаңа ансамбль құрылды.
Өнер ұжымы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан бой көтерді. Ансамбль «BIRLIK» деп аталады. Өнерпаздар көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні қарсаңында өз көрермендерін тұсау кесер концертпен қуантпақ.
Бұл «Birlik» басқалардан бөлек. Жаңадан құрылған ансамблдің ерекшелігі өзге этнос өкілдерінің өнерпаздарынан құралған. Алғыс айту мерекесінде алғашқы қадам жасамақ.
Жанатай Қожабеков, балетмейстер:
- Тұсаукесері болады ансамблдің «Birlik» деген. Оның бірінші мақсаты жаңағы репертуарында әндерімен билерімен музыкалары болу керек деген.
Саян Мырза, режиссер:
- Бізде халқымызда 130 астам этностар тұрады. Сол этностардың арасында фольклоры ұмытылып бара жатқан жағдайлары бар. Соның бәрін дұрыстап көрсету. Халқымыздың ерекше қасиеттерін алға шығару.
Ансамбль құрамына жанды дауыста ән салып, әлем халықтарының билерін кәсіби деңгейде орындайтын этнос өкілдерінің арасынан үздік 20 биші мен музыкант таңдалып алынған.
Аида Бекишева, режиссер-хореограф:
- Болашағы жарқын болады деп үміттенеміз. Жас таланттар әр қаладан жиналып жатыр. Жас бишілерді, жас әншілер, музыканттар. Қаншама таланттар бар, осының бәрін үлкен сахнада көрсетіп, ерекше қылып, олар шетелге де шықсада халқымызда қандай ұлттар бар екенін көрсеткім келеді.
Ансамблдің эксклюзивті би композицияларын қоюға Ресей, Татарстан, Өзбекстаннан шақырылған бесаспап мамандар мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері ат салысқан. Көрермендерге тың дүние ұсынатын ансамбль өнерпаздары қызу дайындыққа кірісіп кеткен.
Авторлары: Асантемір Қаршығаұлы, Ырыстанбек Оспанов