Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы

Қарапайым және сәтті архитектурасының арқасында науқастардың үміт символына айналған мына Жамбыл облыстық көпбейінді хирургия және онкология орталығы былтырғы жылдың тамыз айында қолданысқа берілген. Ғимараттың жалпы аумағы шамамен 30мың шаршы метрді құрайды. Мамандардың айтуынша, жаңа ғимараттың арқасында ем-дом шаралары күшейіп, жасалатын ота саны артқан.