Кабинет. Ибулла Серді

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ  құбыры іске қосылғалы бері Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының 300 жуық елді мекенін көгілдір отынмен қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.

Ең әуелі газ Түркістанға тартылды. Бұл жұмыс жалғаса бермек. Сонымен қатар, бүгінгі күні газ құбырларын жаңарту ісі басталды, бұған 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Әбден тозығы жеткен құбырларды ауыстыру, ауыстырып қана қоймай, заманауи технологияларды пайдалану – негізгі міндеттердің санатына жатады. Мәселен, қазіргі қолданылатын полиэтиленді құбырлар 50 жылға дейін шыдайды және олар бұрынғыдай жердің үстіне емес, астына тартылады. Демек, қауіпсіздік тұрғысынан дұрыс шешім әрі қаланың келбетін бұзбайды. Біз бүгін газдандыру тақырыбы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының бас директоры Ибулла Сердімен сұхбаттасамыз.