Елімізде ғылымға негізделген экономика қалыптасқан ба? | Күн тәртібі | 09.06.2022

Соңғы екі жылда бюджеттен ғылымға бөлінетін қаржы шамамен 2 есе өсіп, биыл оның көлемі 84 млрд теңгеге жетті.

Ғылымға ден қойылғандықтан, түрлі саладағы ғылыми жұмыстардың саны артып келеді. Ал отандық ғалымдардың еңбектері елде ғана емес, шет мемлекеттерде лайықты бағаға ие болып жатыр. Ендеше не себепті дәл осы ғылым саласы экономиканың драйверіне айнала алмай жатыр? Бүгінгі Күн тәртібі хабарында осы сауалға жауап іздейміз.