Азық-түлік бағасы неге қымбаттап барады? | Күн тәртібі | 20.06.2022
Қазақстанда отбасылық табыстың тең жарымы азық-түлік өнімдері мен сусынға жұмсалады.
Оның 46 проценті тамаққа кетеді. Finprom.kz-тің биылғы үш айға жасаған зерттеуі көрсеткендей, отандастарымыз азық пен алкогольсіз ішімдікке 349 млн 200 мың теңге жұмсаған. Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 процентке артық. Қалтасына салмақ түскен халық ресми статистикасыз да мұны сезіп, біліп отыр. Қымбатшылықтың себебі неде? Оның тоқтайтын түрі бар ма?