Бейжің олимпиадасына қай елдер бойкот жариялады? I Әлем

olympic.kz

– Көп ел Қытаймен дауласып отыр. Бейжің олимпиадасына бойкот жариялағандар неге көбейіп барады?

– Кинофестивальде Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманаты», Ақан Сатаевтың «Томирисі» де шетел көрерменіне ұсынылады. 

– Жасанды интеллект адам құқықтарына қатер төндіре ме?

– Швейцарияда жаңа президент, ал Германияда жаңа канцлер өз қызметтерін бастады. 

Келесі жылы ақпанда Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындары басталмай жатып, халықаралық жанжал шықты. Әлемнің бірнеше мемлекеті төртжылдықтың басты додасына бойкот жариялады. Ең алғашқы болып бұл шешімі туралы АҚШ билігі хабарлаған. Артынша оған Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания мен Канада да қосылды. Айта кетерлігі, бұл – дипломатиялық бойкот. Яғни дүбірлі додаға құрамына депутаттар мен шенеуніктер кіретін ресми делегация бармайды. Ал спортшылардың қатысуына еш шектеу жоқ. Сөйтіп атлеттер бірнеше айдан кейін Бейжіңде өнер көрсете береді. Жаңа Зеландия билігі бойкот жариялауға коронавирус пандемиясы себеп болғанын айтты. Ал қалғандары мұндай шешімін Қытайда адам құқықтарының бұзылуымен түсіндіріп отыр.

Бұл туралы «Әлем» бағдарламасында толығырақ айтамыз.