Украинадағы қантөгіс тоқтамай тұр | Әлем
Украинадағы соғыс басталғалы ел халқының 4 миллионнан астамы шет ел ауған. ЮНИСЕФ мәліметінше, босқын балалардың саны күн өткен сайын өсіп барады. Ұйым өкілдері мұның салдарынан адам саудасы мен зорлық-зомбылық көбейіп, жасөспірімдерді қанау сияқты қылмыстық әрекеттердің етек жаюы мүмкін екенін ескертіп, дабыл қағып отыр.