Краматорск вокзалы: халықаралық қауымдастық тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етіп отыр І Әлем  

– Буча мен Бородянкадағы қанды қырғын, Краматорск вокзалына жасалған шабуыл бүкіл әлемнің қабырғасын қайыстырды. Халықаралық қауымдастық тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

– Осы аптада Ресейге қарсы санкциялар тізімі одан әрі толықты. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас ассамблеясы Украинадағы қантөгіс үшін Ресейді Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығарып тастады 

– Қазақстан санкцияларды айналып өту құралына айналмай ма? Санкциялар қыспағында қалған Ресей мен Беларусь азаматтары жаппай Орталық Азия елдерінде банктік шот ашып жатыр.

– Әлемдегі геосаяси жағдай бағаға да әсер етті. Табиғи газ бен мұнай өнімдері күрт қымбаттады. Ал Еуропа елдері жерасты қоймасындағы газ қорын жұмсай бастады.