Украинамен соғыста Ресей ядролық қаруды қолдануы мүмкін бе? І Әлем
24 ақпанда басталған шабуылдың үшінші күнінде Путиннің ядролық қаруды әскери дайындыққа көшіруге тапсырғаны мәлім, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осы аптада Ресей сыртқы істер министрі Лавров бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында «ядорлық соғыс қаупі жоғары, бірақ оны қолдану Ресей ұстанымына сәйкес емес» деп мәлімдеді. Ал әлемдік қауымдастық ресми Мәскеу тарапынан шыққан мұндай мәлімдемелерді сан-саққа жорып, сарапшылар жарыса болжамдарын айтып жатыр.
– Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бүгін 67 күн болды. Екі айдан астам уақытқа созылған соғыс осы аптада қалай өрбіді?
– АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы ленд-лиз бағдарламасы бойынша Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы заң жобасын мақұлдады. Енді құжатқа Байден қол қоюы тиіс.
– Украинадағы соғыс салдары Еуропа елдерін өнеркәсіптік дағдарысқа әкелді. Испанияда азық-түлік тапшылығы туындап, бағалар шарықтап жатыр.