Украиналықтар қыстан қалай шығады? | Әлем

Жаппай ереуілер жайлаған Қытайда наразы топтың талабы орындалды. Билік шектеу шараларын жеңілдетуге келісті. Ал қарулы қақтығыстан энергетикалық нысандары бүлінген Украинада жарық тәулігіне бірнеше сағат қана беріледі. Кезекті атқылау кезінде Киевте сәбиге операция жасалып жатқан. Абырой болғанда дәрігерлер амалын жасап, науқасты аман алып қалды. Грузияда әрбір төртінші жас тұрғын жұмыс істемейді және оқымайды. БҰҰ өкілдері «2030-жылға дейін жұқтырылған иммун тапшылығының синдромын жеңе алмайтынымызды мойындауға тиіспіз» дейді. Ұлыбританияға еңбек мигранттары керек. Алайда билік оларды қабылдауға асығып жатқан жоқ. Ал Катарда футболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл апта да сенсацияға толы болды.