Мамандар үнділік дәрілердің қауіпті екенін ескертті | Әлем
Өзбекстанның денсаулық сақтау саласында ірі жанжал туындады. Импорт дәріден 20 бала уланып көз жұмды.
Ал Бразилия үшін жаңа жыл саяси өмірдегі өзгерістен басталды. 1 қаңтарда Лула да Силваны ұлықтау рәсімі өткен. Алайда артынша экс-президенттің жақтастары былтыр өткен сайлаудың нәтижесімен келіспей, үкіметтік ғимараттарды басып алды. Сарапшылар Бразилиядағы шабуыл мен 2 жыл бұрын АҚШ-та болған оқиғалар арасында көп ұқсастық барын айтады. Ол кезде Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге басып кірген еді.
Францияда да жағдай тыныш болмай тұр. Жұрт зейнеткерлік реформасына қарсы шықты.
Ұлыбританияда да ереуілдер толастар емес. Салдарынан денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс ушығып кетті.
Орталық Азия елдері мен Ресейдің кей өңірлерінде биыл қыс ерекше қаһарлы. Қаңтарда қар да қалың түсті. Сақылдаған сары аяз да әбден сарсаңға салды. Ресей үшін мұндай қыс таңсық емес. Ал оңтүстіктегі көрші ағайындар айыр қалпағы мен ала шапанын тастап, малақай мен тон киіп алды. Ал Еуропада керісінше қыс шуақты. Сарапшылар бұл климаттың өзгеруінің салдары екенін айтады.