Жыл қорытындысы/ Әлем/ 31.12.2022
Биыл әлемдік саясат үшін ауыр жыл болды. Жыл Украинадағы қарулы қақтығыстан басталды. Мұның соңы әлемде энергетикалық дағдарыстың өршуіне әкеп соқтырды. Бұдан өз кезегінде экономикалық өсім баяулап, көп елде инфляция шарықтады. Биыл табиғат апаттары да жиілеп, жұрттың мазасын қашырды. Мамандар бұл климаттың өзгеруінің салдары екенін айтады. 2022-жыл технологиялық жаңалықтарға да толы болды. Сарапшылардың келер жылға болжамы қандай?