Президент қысқа дайындалмаған Ташкент әкімін қызметінен босатты | Әлем
Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.
Тараптар тоғыз құжатқа қол қойды. Екі жақ енді суда серіктестік орнатпақ. «Қазмұнайгаз» бен «Абу Даби порт групп» бірлескен кәсіпорын ашу туралы келісімге келді. Осы әмірліктегі Дубайда былтыр жылжымайтын мүлік нарығында рекордтық сомаға келісімшарт жасалған. Әсіресе қымбат үйлерге деген сұраныс жоғары. Осы аптада Швейцарияның Давос қаласында дәстүрлі Дүниежүзілік экономикалық форум өтті. Алқалы жиында қаржы, қауіпсіздік, экология және энергетикаға қатысты түйткілдер тақыланды. Ал Өзбекстанда биыл 80 жылда болмаған қытымыр қыстың салдарынан энергетикалық дағдарыс одан бетер ушығып кетті. Ұлыбританияда да дағдарыс. Мұнда жұмыс күшінің тапшылығы рекордтық көрсеткішке жетті. Үндістан халық саны бойынша Қытайды қуып жетіп қалды.